қазақ
English
Azərbaycan
Shqiptare
Հայերեն
Български
ქართული
қазақ
Кыргызча
Македонски
Румынский
Монгол
Русский
Српски
Slovenščina
Тоҷикӣ
Türk
Türkmenler
o'zbek
Українська
Hrvatski
MUK
  • Елдер
    al.pngАлбанияam.svgАрменияaz.svgӘзірбайжанbg.pngBulgariahu.pngВенгрияhr.pngХорватияge.svgГрузияkz.pngҚазақстанkg.pngҚырғызстанmk.pngNorth Macedoniamd.pngМолдоваmn.pngМоңғолияae.pngUnited Arab Emiratesrs.pngСербияsi.pngСловенияtj.pngТәжікстанtr.svgТүркияtm.pngТүрікменстанua.pngУкраинаuz.svgӨзбекстан
  • Шешімдер
    Muk-тің вендорларыMUK-тың шешімдеріӨнімдермен сервисдердің тізімі
  • Жаңалықтар
    Жаңалықтар және науқандарMUK журналыVideo
  • Ағымдар
    IT дистрибьюциясыОқу орталығыСервис орталығыMUK Cloud бұлтты сервистері
  • Компания туралы
    MUK туралы басты мәліметтерКорпоративтік профильВакансиялар
  • Дилер бөлімі
    al.pngАлбанияam.svgАрменияaz.svgӘзірбайжанbg.pngBulgariahr.pngХорватияge.svgГрузияkz.pngҚазақстанkg.pngҚырғызстанmk.pngNorth Macedoniamd.pngМолдоваmn.pngМоңғолияae.pngUnited Arab Emiratesrs.pngСербияsi.pngСловенияtj.pngТәжікстанtr.svgТүркияtm.pngТүрікменстанua.pngУкраинаuz.svgӨзбекстан

Қорғалған қуат көзі: Vertiv Liebert ITA2

Жаңалықтар

2024-11-21

Vertiv клмпаниясы компьютер заодарын, желілік және деректерді сақтау жабдықтарын электр қуатымен қамтамасыз етуді қорғау үшін Liebert ITA2 үзідіксіз қуат көздерін ұсынды.

Liebert ITA2 біртұтас өндірілу қуаттылғының коэфиценті арқасында заманауи жұмыс жүктемелерінің талаптарына мінсіз сәйкес келеді. UPS кең кіріс кернеуі мен жиілік диапазоны батареяларды пайдалану қажеттілігін азайта отырып, олардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Модельдер желдеткіш жылдамдығын автоматты түрде реттейтін интеллектуалды жылытылған ауаны шығару жүйесімен жабдықталған, бұл энергиян тұтынуды және шу деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Жаңа өнімдер параллель қосылған UPS үшін аккумуляторлардың жалпы массивімен жұмыс жасауды қолдайды және желідегі батарея бірліктерінің санын икемді өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі батарея жүйелерін пайдалануды жеңілдетіп, оларды сатып алу шығынын төмендетеді. Қуаты жоғары зарядтау құрылғысы батареяның бірнеше түрлеріне жарамды және қуат көзі ұзақ уақыт болмағаннан кейін де зарядтың тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Vertiv Liebert ITA2 модельдерін литий-ионды батареялармен қолжетімді болады. Литий-ионды аккумуляторлар бірқатар артықшылықтарға ие – дәстүрлі қорғасын-қышқылды аккумуляторлармен салыстырғанда 2-3 есе ұзағырақ қызмет ету мерзімі, азырақ өлшемдері мен салмағы (ықшам және жеңіл, бұл азырақ кеңістікті қажет етеді және орнатуды жеңілдетеді) сонымен қатар жылдам зарядталу.

Liebert ITA2 техникалық мүмкіндіктерін кеңейтетін және алатын орынды барынша азайтатын көптеген қосымша опцияларға ие. Арнайы байпасты пайдалану параллель жұмыс пен техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Резервтік қуаттану уақытын тірекке бірнеше батарея модулін (10-20 kVA) орнату арқылы арттыруға болады.

Vertiv Liebert ITA2 3/1 конфигурациясында жұмысты қолдайды (үш фазалы кіріс және бір фазалық шығыс). Бұл оны әртүрлі электр инфрақұрылымдары үшін әмбебап етеді, әсіресе қуатты басқаруда икемділік қажет болатын шағын және орта өлшемді қондырғыларда аса қажетті. Бұл конфигурация тұрақты жұмыс пен жүктемені бөлуді қамтамасыз ету үшін жиі пайдаланылады.

Сондай-ақ, Liebert ITA2 жүйенің күйі мен өнімділігін бақылауға және де оны басқаруға мүмкіндік беретін көптілді интерфейсі бар СК дисплеймен жабдықталғанын атап өткен жөн.

Liebert ITA2 UPS туралы толық ақпаратты https://www.vertiv.com/en-emea/products-catalog/kritik-guc/uninterruptible-power-supplies-ups/liebert-ita2-ups-10-20- kva/сілтемесі бойынша, сондай-ақ vertiv@muk.international электрондық мекенжайы бойынша алуға болады.

© 2008-2025 MUK. Барлық құқықтар сақталған.