Виртуализация және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету
Есептеу қуатын виртуалдандыру шешімдерін пайдалану корпоративтік қызметтерді жүзеге асыруда іс жүзінде стандартқа айналды. Бұл тәсіл жүйе ресурстарын пайдалануды, баптау және қызмет көрсетудің жеңілдігін, ауқымдылық икемділігін барынша арттырады және сенімділіктің жоғары деңгейіне кепілдік береді. Қазіргі таңда бірде-бір инфрақұрылымдық шешім виртуализация өнімдерін және жүйелік бағдарламалық жасақтаманың кешенді жиынтығын қолданбай жұмыс жасамайды. MUK дистрибьюторлық портфелі ең танымал виртуалды машина гипервизорлары мен операциялық жүйелерді қоса алғанда, әлемдік деңгейдегі барлық негізгі бағдарламалық жасақтама өңдірушілерінің флагмандық өнімдерін қамтиды. MUK техникалық мамандары өз тәжірибесін серіктестерге күрделі жобаларды жүзеге асыруға көмектесу үшін пайдаланады.